Елімізде шағын кәсіп дамып жатыр

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырдан бері 30%-ке көбейген.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, қазір аймақтарда 2 млн-нан астам шағын және орта бизнес өкілі тіркелген. Олардың 1,5 млн-ы жеке кәсіпкер, 460 мыңы заңды тұлға саналады. Басым көбі Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысында. Көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу, балық, орман, ауыл шаруышылығы салалары мен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары алдыңғы қатарда. Экономистер елдегі салықтық жеңілдіктер шағын кәсіптің дамуына үлес қосып отыр деп санайды.

Марат Қайырленов, экономист:

- Өсімді екінші жыл қатарынан байқап отырмыз. Бұл құбылыс – біріншіден, қосымша құн салығы бойынша шекті мөлшердің төмендеуі. Яғни, компаниялар қосымша құн салығын айналып өтіп, жеңілдетілген салық төлеу мақсатында бірнеше шағын жеке кәсіпкерлікке бөлініп, компаниялар тобын құрайды. Былтыр 60 мыңнан астам компания мемлекеттік қолдау алғанын білеміз. Ал ел бойынша 27 кәсіпкерлікті қолдау институты бар.