Елде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.

Қазір екпені 6-11 айлық шақалақтар алып жатыр. Ал келесі айдан бастап 2 мен 4 жас аралығындағы балаларға вакцина салынады. Себебі дәл осы жастағы бүлдіршіндер, ауруды жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіреді. Жыл басынан бері республика бойынша 12 мыңнан астам адам сырқаттанса, оның 80 пайызы – балалар. Науқастардың басым бөлігі Алматы мен Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.