Елде амбулаторлық қызмет 15% қымбаттады

Елде амбулаторлық қызмет көрсету құны биыл 15%-ға қымбаттады.

Оның ішінде: медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің  және алғашқы қабылдаудың құны жоғарылаған. Ал дәрігерлер қабылдауының бағасы 24%-ке өсіп отыр. Аймақтар бойынша Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында амбулаторлық қызметтің құны анағұрлым қымбаттаған. Абай облысында баға өсімі айтарлықтай сезілмейді. Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы осы жылдың наурыз айында 12 мың қазақстандықтың арасында сауалнама жүргізіп, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерге пікірін біліп, оң баға алыпты.