Шамалғанда темір жолдағы өткел құрылысы бітер емес

Алматы облысы Шамалған теміржол бекетіндегі айналма жолдың құрылысы бітер емес.

Үш жыл бұрын басталған жоба биыл аяқталып, ел игілігіне берілуі тиіс еді. Бірақ істің межесіне жетуі екіталай. Өткелде күн сайын ұзын-сонар көлік кептелісі қалыптасады. Жүргізушілер теміржолдан өту үшін сағаттап тосуға мәжбүр. Бекет тұрғындары не дейді? Жол құрылысы қалай жүріп жатыр?

Алмас Садуақас, тілші:

- Бұл Жібек Жолы ауылындағы  теміржол мен күре жолдың түйіскен тұсы. Өткелден күн сайын мыңдаған көлік өтеді. Батыс пен Шығысқа жолаушылар мен жүк поездары жүйіткиді.  Поезд жақындағанда  өткел жабылады.

Көлік нөпірінің көптігінен бекеттің екі жағында да кептеліс қалыптасады. Әсіресе түскі және кешкі уақыттарда тіпті қиын. Еске сала кетсек, төрт жыл бұрын дәл осы жерде поезд бен жолаушы тасымалдайтын автобус соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты. Сол қайғылы оқиғадан кейін бір жыл өткесін бекетте айналма жолдың құрылылысы басталған еді. Себебі жол салмайынша Шамалғандағы көлік кептелісі проблемасын шешу мүмкін емес. Бірақ түрлі себептерге байланысты жобаны тапсыру мерзімі кейінге шегеріле берді. Бекетте кептеліс мәселесіне қатысты тұрғындар шағымына назар аударсақ! 

Міне сол көпшілік асыға күткен айналма жолдың жалпы ұзындығы 6 км. Ол республикалық маңызы бар Алматы-Астана күре жолының 43-49 шақырымы аралағында орналасады.

Халық асыға күткен айналма жол құрылысы бірнеше себептерге байланысты тоқтаған. Жоба бойынша жол Қарасай ауданындағы орман қорына тиесі  700 метр  аумақты  басып өтеді. Жер телімін  орман қорынан алып, инфрақұрылымдық нысанға пайдалануға рұқсат беру проці біраз уақытқа созылды. Сонымен бірге жеке тұрғын үйлерді сатып алып, сүруге тура келді. Осындай жайттар құрылысты тежеді, дейді мамандар. Айта кету керек құрылысы жұмысы биыл қарқын алды. Екі көпір, тіреуіш темірбетон тұрғызылды. Мамандардың айтуынша қазіргі кезде құрылыс монтаж жұмыстарының 75% аяқталып қалған.

Нұржан Таңатаров, «Қазавтожол» ҰК АҚ ОФ директорының орынбасары