Ақтауда 30 автобус жолға шықты

Ақтауда метанмен жүретін 30 жаңа автобус жақында жолаушы тасымалдауға кіріседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін тағы 90 автобус әкелінеді. Осылайша, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік паркі түгел жаңарады. Жаңа автобустар жергілікті бюджет ақшасына алынды. Қоғамдық көлік бейнебақылау камерасы, ауа тазалайтын жүйе және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған құрылғымен жабдықталған. Енді сол автобустарға метан газын құятын станция іске қосылды. Жоба құны – 600 млн теңге. Алдағы уақытта коммуналдық мекеме техникалары мен ауыр жүк көліктерін де метанға көшіру жоспары бар.

Бекнұр Бейісов, жобаны үйлестіруші мекеме басшысы:

- Бұл – біріншіден, бюджеттен субсидияға төленетін ақшаны үнемдеу. Екіншіден, бұл дегеніміз экологиялық қауіпсіз газ болатын болады. 7 жылға лизингке алынған автобустар. Бұл мекемеде 460 адамға жаңадан жұмыс орындары ашылады.