Жол құрылысы мәселесі

Елде жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының сапасына қатысты сұрақтар бар.

Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстары жергілікті жол желісінің сапасына әлі күнге дейін 100% сараптама жүргізбеген. Бұл жөнінде бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланған жиында, тағы отандық өнеркәсіптің әлеуетін арттыру қажет екеніне назар аударылды. Ол битум және рельстен бастап тепловоздар мен ауыр жүк көліктерін жасап шығаруға дейінгі көлік саласының негізгі қажеттіліктерін қамтуға тиіс. Жалпы Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше бүгінде, елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі, яғни 5 теміржол және 8 автомобиль жолы жұмыс істеп тұр. Биыл 10,7 мың шақырым жолға реконструкцияллық жұмыстар жүргізілді. Жалпы алдағы жылдары ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтпек.