Елде адам өлтіру қылмысы 20% азайды

Елде қылмыс азайып келеді. Атап айтқанда, кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28, қарақшылық 32 пайызға төмендеген.

Бұл құбылыс тонау, бұзақылық, мал ұрлығы сынды заңға қайшы әрекеттерде де байқалады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі осылай деді. Ол Президентке елдегі криминогендік ахуалды баяндады. Ержан Сәденовтің мәлеметінше, 8,5 млн заңсыздық тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 71 миллиард теңге өндіріп алынған. Одан бөлек, саланы сапасыз мамандардан тазарту шарасы жүріп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.