Аграрлық сала реформалары нәтиже бермеді

Бүгін Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.

Оның барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саладағы олқылықтарды алға тартты.

Мәселен, тәуелсіздік алған жылдардан бері аграрлық ғылымда 6 рет қайта құру, яғни, реформа жүргізілген.

Нәтижесінде ғылыми зерттеу институттарының саны 31-ден 11-ге, тәжірибелік шаруашылықтар 34-тен 17-ге, ғылыми қызметкерлер саны 6580-нен 902-ге дейін қысқарған. Аграрлық саладағы жүргізілген реформалар олардың мазмұнын емес, басқарудың әкімшілік формаларын өзгертумен ғана шектелген, - деді министр.

Бұған қоса, аграрлық ғылымды қаржыландыру ТМД елдерімен салыстырғанда деңгейі өте төмен екенін сөз қылды.

Отырысқа жиналғандар саланың дамуына тың серпін беретін тетіктерді талқылады.