Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы

Осы ретте төтенше жағдайлар қызметі дауылды ескерту жариялаған.

Синоптиктер бірнеше аймақта бүгін тұман түсіп, қатты жел тұратынын ескертіп отыр. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің батысы мен солтүстік-батысында қар мен жаңбыр жауып, күн райы бұзылады. Сондай-ақ, солтүстік батыс пен солтүстікте жолдарда көктайғақ болады, тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.