«Қазақмыстағы» қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Қазақмыс» компаниясына тиесілі Жайсан кен орнында 2 кенші қаза болды.

Оқыс жағдай таңғы сағат 6:30-дар шамасында болған. Жамбыл облысындағы 71 мерт тереңдіктегі шахтаның төбесі опырылып, сондағы шахтерлердің бірнешеуін тас басып қалған. 21 және 42 жастағы екі жұмысшы сол жерде көз жұмған. Олар вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген Ұлытау және Қарағанды облыстарының азаматтары. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Мыс өндіретін кеніш жұмысын биыл ғана бастаған.Онда жылына 600 мың тонна өнім өндірілуге тиіс. 160 адам жұмыс істейді.

Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Жедел түрде ауданның жедел топтары ауданның әкімі оқиға орнына шықты. Кейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық жұмыстар бақылауға алынып, арнайы комиссия құрылды. Бір түнгі сменге осындай кезде 44 -45 адам түседі. Бұл жолы 44 адам сменге түскен. 2 адам қайтыс болып, қалған 42 адам толық қазіргі таңда эвокуация жұмыстары жүргізілді.