Алматы қаласында қызылша өршіп тұр

Алматы қаласында да қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. "Наурыз айынан бері шаһарда қызылшамен ауырудың, зертханалық расталған 2653  жағдайы тіркелді. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Атап айтқанда мектеп жасындағы 2 мыңнан астам бала қызылша жұқтырған. Науқастардың көпшілігі екпе алмаған", - дейді мамандар. Ал қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцина, - дейді дәрігерлер. Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қазір елімізде алты айдан асқан балаларға да бекітілген күнтізбелік екпеден тыс қосымша иммундау жүргізілуде. Себебі, қызылша асқынған жағдайда салдары ауыр. 

Алмаш Ахметова, қалалық Санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

-Асқынулар орта құлақтың қабынуына отит дейміз, немесе өкпенің қабынуына пневмония түрінде бактериальный инфекция қосылады. Ол да қатерлі. Бұдан бөлек көздері коньюктивит болады. Ауырған кезде. Және ең ауыр түрі ол мидың қабынуына да әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті, қызылшаның спецификалық емі жоқ. Ол симптоматикалық емделеді.