Петропавлдағы ҰҰ академиясында қызылша дертіне байланысты шектеу енгізілді

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясында қызылша дертінің жаппай таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілді.

Өйткені оқу ордасында 46 адам індет жұқтырған. Зертханалық тексерістен кейін оның 26-нан инфекция расталды. Қалғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Бүгінде науқастар медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Олармен ұжымдағылардың барлығы қарым- қатынаста болған. Сол себепті болашақта эпидахуал тіптен күрделенуі мүмкін. Бүгінде академияда 650-ге жуық адамға қызылшаға қарсы вакцина салынды.

Азамат Тоқтарбаев, ҚР ҰҰ академиясы медициналық қызметінің басшысы:

- 12-ші қарашадан бері бізде 46 азамат ауырып қалды. Оның үшеуі офицер, екеуі келісім шарт бойынша жұмыс істейді. Қалғаны - курсанттар. 24 адам аурудан айықты. Қазір оқу ордасында маскалық режим енгізілді. Ғимарат ішін желдетіп, зарарасыздандырып отырамыз. Егер эпидахуал тіптен қиындаса, шектеу шараларын қатаңдатылады.