Өскеменді қою тұман басты

Өскеменді екі күннен бері қою тұман басып, аспан ашылмай тұр.

Салдарынан әуе қатынасы қиындады. Кешелі бері 7 рейстің уақыты кейінге шегерілді. Бірақ қазір қалыпты жұмысқа көшті. Мамандардың мәліметінше, қолайсыз ауа-райынан күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді 2-5 есеге өскен. Оған қалың тұман қосылды. Қалалықтар бұл жағдайдың метеорологиялық құбылыс екеніне күмәнмен қарайды. Олар өндіріс орындарынан бөлінген зиянды зат мөлшері көбейіп кетті ме деп алаңдайды. 

Қайнаргүл Берікболова, қала тұрғыны:

- Меніңше тұман емес мынау зауыттан шықққан выборстар ғой дейм,өйткені өзім де сол маңайда тұрам, таңертең тұрғанда міне екі күн болды түк көрінбейтін боп тұрады, әмбе иісі де бөлек қой, тұманда иіс болмайды ғой.

Надежда Говоркова, синоптик:

- Нағыз тұман,басқа ешнәрсе емес.Жел жоқ.Оның үстіне міне желтоқсан басталады,бірақ күн қатты суыта қойған жоқ.Сынап бағанасы құбылып тұр. Бір жағынан қала ортасында Ертіс ағып жатыр.Осының бәрі қалың тұман тудырып тұр. Ертең жел тұрса, біраз сейілуі ықтимал.