Ұлытау облысында қызылша жұқтырған 110 адам ауруханада жатыр

Дені 14 жасқа дейінгі балалар.

Олардың 70 процентке жуығы вакцина алмаған. Облыс бойынша инфекцияның жүзден аса ошағы анықталып, науқастармен байланыста болған 715 адам дәрігерлік бақылауда болады. «Ауру белгілері байқалған кезде өз бетімен емделмей, дереу дәрігерге қаралу керек», - дейді мамандар. 6 қарашада өңірде қызылшаға қарсы иммундау басталды.

Елена Ткаченко, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасарының м.а.:
- Бүгінге дейін 1 911 адам екпе алды. Өкінішке орай тұрғындардың белсенділігі төмен. Әлеуметтік желілердегі антиваксерлердің әсерінен баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналардың қатары артып тұр. Ал вакцинаға келетін болсақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді.