Елдегі лагерлерге 43 миллион теңге айыппұл салынды

Балалар үйі, мектеп-интернаттары мен лагерлерге 43 миллион теңге айыппұл салынды.

Ел бойынша 87 мекемеде 2 мың медициналық құралдың сертификаттары болмай шықты. Яғни, танометр, электро-кардиограф, термометр сияқты өлшеуіштердің сақтау мерзімі өтіп кеткен. Оны қолдану балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін дейді мамандар.

Қуаныш Елікбаев, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:

- Көптеген нысандар заңмен бекітілген талаптардан бейхабар. Кейбір адамдар тіптен мұндай талаптардың бар екендігін білмеген. Заң бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырдық. Семинарлар өткізу арқылы заңдық тұрғыда ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.