Жетісу облысында жемқорлықпен күреске еріктілер жұмылдырылды

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлықпен күреске еріктілер де атсалысып жатыр.

Олар 20-ға жуық коррупциялық әрекетті құзырлы орган өкілдеріне жеткізген. Тексеріс нәтижесінде он шақты факті анықталып тиісті шаралар қолданылды. Тамыз айынан басталған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасына қатысуға 200-ге жуық өтініш келіп түскен. Осылайша қоғам белсенділері тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып келеді.

Мақпал Бекқұлова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма офицері:

- Жалпы бақылау шеңберінде 30 млн теңгеден астам қаражат тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Волонтерлік жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар әділетті және ашық қоғам құруға ықпал ететінін дәлелдеді.