Ұлт азаттығы жолындағы Желтоқсан көтерілісіне 37 жыл толды

Ұлт азаттығы жолындағы Желтоқсан көтерілісіне биыл 37 жыл.

Солақай саясатқа қарсы шыққан өр рухты қазақ жастары бүгінде аға буынға айналған. Олар еліміздің әр аймағында жемісті еңбек етіп келеді. Солардың бірі Жетісу облысында тұрғыны Әбдікәрім Мұхамедкәрімұлы. Ұлағатты ұстаз ұзақ жыл бойы білім ордасына басшылық етеді.

Мынау сол жылы түсірілген сурет. КСРО ғой сол кезде. Ең бірінші сол системаға қарсы шыққан біздің Қазақстан.

Қазақ тарихындағы қасіретті оқиғаны Әбдікәрім Мұхаметкәрімұлы осылай деп бағалайды. Ол 1986 жылы жаңадан шаңырақ көтеріп, Қазақ Ұлттық университетінің бесінші курсында оқып жүрген. Азаматтық көзқарасын білдіріп алаңға шыққан студент желтоқсанның он алтысын былай деп еске алады. 

Әбдікәрім Мұхаметкәрімұлы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:

- Өңкей алқаштар, наркомандар деп айтылды ғой. Мен сондай қыз жігіттердің бірінен арақ ішкенін көрген жоқпын. Біз бәріміз тәртіп сақтап тұрдық. 

Жалынды жастар ертеңінде де бейбіт шеру болар деген оймен алаңға жиналған. Бірақ олар қыстың ызғарлы күнінде тоталитарлық жүйенің қаһарына ұшырады. Күректің қырымен, дубинкамен соққылаған арнайы жасақ қыспағында қалып қоғамдық көлікке күштеп отырғызылған. 

Әбдікәрім Мұхаметкәрімұлы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:

- Автобустың артқы есігін аяқпен ағашпен икемдеп едік, есікте саңылау пайда болды Саңылаудан бірінші жігіт шығып кетті. Екінші мен шығып секірдім құлап аяғым бәрі сырылды. Кеш түсіп қалған шақ. Ескі мәшине тоқтай қалды. Шошып кеттім әй мынау мені ұстай ма деп. Жоқ. Қазақ кісі екен. Сен алаңнан келе жатырсың ба? Иә алаңнан қай жақта тұрасың деді бірінші алматы деп едім ақша да ештеңе алған жоқ. 

География пәнінің мұғалімі мамандағын меңгеріп жүрген студент білім ордасына екі күннен кейін барған. Деканатта сұрақтың астына алынып, оқудан шығармақ болады. 

Гүлбаршын Баяханқызы, жары:

- Әбекеңнің КазГу-да қалғаны түске дейін менімен КазНИ-ге барды да мен арыз жазып кірдім ғой директорына. Соның бәрі тіркелген екен. Содан кейін жұмысқа алмаймын дегеннен кейін қайтып кеттік. СКЛ Сондықтан да ол кісіні деканаттан звондап тексерді ғой.  Сол себепті скл университеттен шығарған жоқ. 

Әбдікәрім Мұхаметкәрімұлының әріптесі Гүлғайза Әуезова да желтоқсан көтерілісінің қатысушысы. Ол әміршіл әкімшіл жүйеге қарсы шыққан жастардың қатарында болғаны үшін шет тілдері институтынан қуылған. Екі жылдан кейін ғана оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Гүлғайза Әуезова Желтоқсан оқиғасына қатысушы:

- Әбдікерім Мұхаметкәрімовичті студент кезінен білемін. Желтоқсан оқиғасы кезінде бірге куәгер болғанбыз. Бұл кісінің шәкірттері аудан, облыс көлемінде, шетелде қызмет атқарып келеді. Шәкірттеріне зор үлес қосқан білімді білікті азамат. 

Әділдік үшін алаңға шыққан желтоқсаншылар оқу бітіргелі білім саласынан бір сәтке де қол үзген емес. Отыз жылдан аса ұстаздық еткен олар тәуелсіз елдің ұландарын тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов