Елде әрбір төртінші қылмысты кәмелетке толмағандар жасайды

Мұндай фактілер әсіресе түнгі уақытта тіркеліп жатады.

Бұл бірінші кезекте ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың болмауымен байланысты. Мұны Ішкі ішкі істер министрлігінің өкілдері айтып отыр. Жыл басынан бері 91 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандар арасында пәтер тонау, ішімдік ішу, есірткі өнімдерін пайдалану деректері жиі тіркеледі. Жасөспірімдер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танымайтын адамдармен хат алмасып, жыныстық қылмыстың құрбаны болып жатады. Бүгінде заңға қайшы 20 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс анықталған.

Сонымен қатар жасөспірімдердердің мінез-құлқына қылмыс картинасы көп кинофильмдер де кері әсерін тигізіп отыр, - дейді полицейлер.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

- Соңғы жылдары жыныстық қылмыстар үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді. Жаза мерзімдерінің төменгі және жоғарғы шектері өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтылды. Кәмелетке толмағандардың өздері жасаған қылмыстары. 2013 жылдан бастап мұндай қылмыстардың саны 60%-ға қысқарып отыр. Алайда ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша олардың 11%-ға өсті. Олардың жасалуының ең тән себебі – ата-аналар тарапынан балалардың мінез-құлқына тиісті бақылаудың болмауы.