Еліміз Ресейден алма ағашының селекциялық көшеттерін сатып алды

Еліміз Ставрополь өлкесінен алма ағашының селекциялық көшеттерін сатып алды.

«Ред чиф» сортына жататын алма ағашының 120 мың көшеті елге жеткізілді. Аталмыш өңір жергілікті нарық қажеттіліктерін ескере отырып, экспорт көлемін 5 млн көшетке дейін ұлғайтуға дайын. Бұл туралы Ставрополь өлкесінің губернаторы журналистермен кездесуде хабарлады. Бау-бақша шаруашылығының селекциялық бағыты бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту маңызды, дейді ол. Ал біздің тарап өзара тыңайтқыш нарығын дамытуға ниетті. 

Владимир Владимиров, Ставрополь өлкесінің губернаторы:

- Көшеттің алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді. Егер жеміс ағашы өнімін берсе, ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырамыз.