Ақтау қаласындағы екінші емханада оқыс оқиға болды

Емделушілердің бірі жылу батареясының шүмегіне сүйеніп тұрғанда сындырып алған.

Соның кесірінен екінші қабаттан атқылаған су төмендегі электр желісі шоғырланған қорапқа жетіп, қауіпсіздік дабылы қосылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Медицина мекемесінің басшылығы ақауды шұғыл түрде жойып, жылуды қалпына келтірген. Қазір емхананың әкімшілік бөліміндегі сегіз кабинетінде жарық жоқ. Науқастарды қабылдайтын екінші блок кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Жарас Байғожаев, қалалық №2 емхана басшысы:

- Сағат 9:00 мен 10:00 арасында эвакуация жасалып, толық анықталғанша қызметкерлерімізді, келуші тұрғындарымызды есіктің алдына шығардық бір сағаттың көлеміндей. Кемшіліктер анықталғаннан кейін жаңағы 8 кабинеттен басқа кабинеттің барлығын электр жүйесін және сонымен қатар жылу жүйелері іске қосылып, жұмыстары штаттық режимде қазір жасалып жатыр.