Таразда 1200 орынға шақталған жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ағарту ошағы «Ұлы дала» шағын ауданында бой көтерген.

Бұған дейін бұл жаңа ауданда мектеп болмаған. Сондықтан балалар көрші тұрғын үй алабына қатынап оқитын. Енді білім ұясы екі мектептегі орын тапшылығын шешті. Білім ордасында жаңа модификациялы физика, химия, биология сыныптары мен лингафонды, компьютер кабинеттері және коворкинг алаңдары бар. Ал ауқымды асханасы бір мезетте 400 баланы тамақтандыра алады. Жалпы Жамбыл облысында биыл осындай 28 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Мейірхан Өмірбек, облыстық білім басқармасының басшысы:

- 3 ауысымды 4 мектеп бар. Ол мектептердің де  келесі жылы толықтай мәселелері жойылады. Мына күрделі жөндеуден 17 ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді келесі жылға 40-ға жуық мектептің алғашқы жобалық сметалық құжаттары жасалып жатыр. Оның бүгінгі таңда 7 қолдау тапты. Қалғандары да алдағы уақытта қаражат бөлініп жұмыс жүргізіледі деп күтіліп отыр.