Павлодарда коммуналдық сала қызметі қар аршуға жұмылдырылды

Көшелер ғана емес жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да қардан тазартылып жатыр.

Бұл шаруаға екі жүзден астам жұмысшы, 230-ға жуық мамандандырылған арнайы техника тартылды. Техниканың дені жаңадан сатып алынған. Биыл тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі  техникалық паркін жаңартты. Қала көшелеріне жүк тиейтін көліктер,  тиегіштер мен сыпыру-жинау және құм шашу машиналары шықты. Бірінші кезекте көлік көп қатынайтын негізгі жолдар аршылады. 

Ұлан Дінтаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Шығарылған қар Успен көпірінің жанында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып жатыр. Сонымен қатар жолдар мен тротуарларға тұрақты негізде көктайғаққа қарсы материал себіледі. 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге барлығы 28 мың тоннаға жуық құм дайындалды.