Қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде қалдыра алады

Қазақстандықтар енді құжат алғанда дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өте алады.

Бүгін Сенат аталмыш заңға қатысты өзгерістерді бекітті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеке басты куәландыратын құжаттар жасатқанда міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуден өту нормасы болған. Бірақ ол келер жылға дейін тоқтатылған еді. Енді азаматтар өздерінің саусақ іздерін ерікті түрде қалдыра алады. Бірақ бұл норма шетелдіктер үшін теңізшілер мен 16 жасқа толған қазақстандықтар үшін міндетті болып қала бермек.

Тағы айта кету керек, енді жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін де халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келеді. Бұрын бұндай нөмір азаматқа сенім хат арқылы беріле беретін.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Әлемде 118 елде осындай биометриялық тіркеу тәсілдері іске асырылып жатыр. Мысалы, Германия 2003 жылдан бастап өз азаматтарының паспорттарына арнайы суреттер, арнайы чипке осындай дактилоскопиялық іздердің барлығы енгізіледі. Түркиядан 2009 жылда шетелдіктер паспорт алған кезде мінтетті түрде саусақ іздері енгізіледі құжаттарына.