«Семей орманы» табиғи резерватына жаңа көліктер берілді

«Семей орманы» табиғи резерватының автопаркі жаңа техникамен толықты.

Бұл жолы орманшыларға 10 өрт сөндіру машинасы, бірнеше трактор мен газель берілді. Мемлекет табиғатты қорғау мекемесіндегі ескі техникаларды жаңарту үшін 1 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. Резерваттағы 10 филиалға жаңа көліктердің кілтін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табыс етті. Ведомство басшысының айтуынша, мұндай қолдау келесі жылы да жалғасын табады.

Ғани Алпысшалов, "Семей орманы" табиғи резерваты бас директорының орынбасары:

- Қазір енді «Семей орманының» 50 процент техникасы жаңартылды деп айтуға болады. Техниканы әлі жаңарту керек. Бізде енді мына орманды күзетуге, бақылауға нетілген техникалар әлі өте ескі жағдайда. Оны ақырын-ақырын жаңалап аламыз деген ойымыз бар.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Өздеріңіз көріп отырсыздар, міне осы Семей орманына биылғы бөлінген ақшадан 13,7 миллиард теңге бөлінді. Соған алынған техника мысалға мынау өрт сөндіретін 25 дана техниканың 10-ын осы «Семей орманына» алып келдік. Бұл жұмыс жалғасады. 5 жылда біз 1083 дана өрт сөндіретін техника, трактор, кіші өрт сөндіретін техника аламыз.