Жетісу облысында 18 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жетісу облысында қар құрcауында қалған 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың жартысы – бала. «Сарыөзек-Көктал» республикалық тасжолында 4 көліктің тұрып қалғаны жайлы хабар түнде түскен. Төтенше жағдайлар қызметі жедел әрекет етіп, боранда жолда қалғандарды эвакуациялады. Құтқарылған азаматтар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Олардың жағдайы жақсы, делінген хабарламада.

Әлібай Сағади, ТЖД бас маманы:

- Құтқару жұмыстарына 6 адам жұмылдырылды және «Трэкол» деген жол талғамайтын көліктi қолдандық. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады. Дауылды ескерту жай