Волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

Қардың толассыз жаууына байланысты елордадағы коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Осы ретте волонтёрлер қар күреуге жұмылдырылған мамандарға ыстық шай мен бауырсақ таратты. Жастар зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да үй айналасын қардан тазартуға көмектесті.

Мұндай акция қаладағы 5 ауданда жүріп жатыр. Орталық мамандары аудандық әкімдіктерден көмек қажет азаматтардың тізімін алып, сол бойынша жұмыс істейді. Қайырымдылық шарасы қыстың соңына дейін жалғасады.