357 адам эвакуацияланды

Өткен тәулікте ел аумағында оқыс оқиғалар орнынан 357 адам эвакуацияланды.

Оның ішінде 39-ы бала. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми мәліметі осындай.

Құтқарушылар 177 мәрте шұғыл шақыртуларға жұмылдырылған. Соның көбі өрт сөндіру, жолаушыларды қар құрсауынан құтқару және іздестіру шаралары.

Мамандар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды және дауылды ескертулерді үнемі бақылауға шақырады.