Павлодар облысында студенттердің қарызы қайтарылды

Павлодар облысында медициналық колледждің студенттеріне шәкіртақы дұрыс төленбей келген, деп хабарлайды 24KZ.

Прокурорлар облыстық бюджеттен 40 миллион теңге қарызды студенттердің пайдасына өндіруге ықпал етті. Белгілі болғандай, шәкіртақы жаңа оқу жылында 10 мың 500 теңгеге өсіпті. Ал 965 студент оны ескі ставкамен алып келген. Облыс әкімдігі шұғыл түрде қаражат көзін тауып, болашақ дәрігерлердің алдындағы қарызды өтеп берді.

Асхат Әтікеев, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры

- Бүгінгі таңда студенттерге тиесілі барлық сомалар төленді. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, оқушылардың құқықтары қалпына келтірілді.