«Майқайыңалтын» комбинатында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, әлсін-әлсін топырақ пен тас құлап, жұмысқа кедергі келтіруде. Құтқарушылардың өміріне қауіп төнбес үшін опырылған жерлер нығайтылды. Төрт адам отырған автобустың 150 метр тереңге құлап кеткені туралы бұған дейін айтқан болатынбыз. Құтқарушылар мерт болған екі адамның денесін жер бетіне алып шықты. Тағы екі адам іздестіріліп жатыр.

Олег  Трещев, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Апаттық - құтқару жұмыстарына Павлодар облысының құтқарушылары, әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың құтқарушылары қатысады. Барлығы 73 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылған.