Елде жемқорлардың қаржысына 43 мектеп салынды

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға былтыр ел бойынша 43 мектеп салынды.

Осылайша, апатты жағдайдағы 3 және үш ауысымды 13 оқу ордасындағы мәселе шешілді. Мұны Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 54 мыңнан аса орын пайда болды. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» 62 мектептің құрылысына қаржы бөлінді. Жобалардың жалпы құны 96 млрд теңгеден асады.

Жалпы қор құрылғалы 150 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл ақша білім ошақтарын, қосымша ғимараттар мен интернаттарды жөндеуге, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешуге әрі орын тапшылығын жоюға жұмсалды.