Әлем «жасыл сутекке» үміт артады

Көлік демекші, осы көлік атаулының пайдасы асып тұрғанымен түтіні қолқаны қабады.

Ауаны ластайды. Климаттың өзгеруіне де әсері бар. Ал жаһандық жылыну дүниежүзін алаңдатып отыр. 

Дегенмен әлем елдері секілді мұнай мен көмірден біз де арылуға тиіспіз. Көмірсутегінің орнына "Жасыл сутегіні" қолданамыз. Қолданып қана қоймай өзіміз өндіруге бел шештік. 

"Жасыл сутегінің" қуаты мұнайдан жоғары. Мәселен, бір келі бензинге қарағанда бір келі жасыл сутегі 7 есе артық энергия береді.  

Болашақтың энергиясы қандай болады? Оны қайтіп өндіреміз? 

Жаһан үміті – «жасыл» сутегі

"Жасыл" сутегі  – жаһан үміті 

«Жасыл» сутегі көмірсутегін алмастыруға тиіс. Жаһандық қауымдастық осы мұратты көздейді. Сарапшы Сұлтан Ыбырай өркениетті елдер «жасыл» сутегіні зерттеуге өткен ғасырдың басынан білек сыбана кіріскенін айтады. Әсіресе автомобиль өндірісінде сутегіні кеңінен қолдануға бейіл. Себебі белгілі, ауаға тарайтын зиянды газдың 37 пайызы осы темір тұлпарлардан шығады.

Сұлтан Ыбырай, сарапшы:

- 19-ғасырда Жюль Верннің жазған әңгімелерінде бар. Адамзат болашақта көліктерімен сумен, су құйып жүреді деген. Енді ол кісі де жайдан жай ала салмаған ғой. Судың сутегінің ол кезде болатыны белгілі болған. Адамзаттың арманы бүгінде енді орындалмақшы. Жасыл сутегі, жапонның «Тойота» компаниясы «Мюррей» деген машине шығарған, көлік шығарған. «БМВ-ның» осындай жобалары бар.  

Сутегі бірнеше түрге бөлінеді. Олардың ішінде қоңыр, сұр, көк және жасыл түрлерін ерекше атауға болады. Қоңыр сутегі қоңыр көмірден алынады. Сұр сутегін өндіруде табиғи газ қолданылады. Бұл технологияның да қоршаған ортаға зияны көп. Дегенмен, қазіргі уақытта сутегінің 70 пайызы осы тәсілмен жасалады. Көк сутегі метанның бумен әрекетінен пайда болады. Алайда, бұл циклдің шығыны көп. Ал, жасыл сутегі жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі. 

Сутегі түрлері

«Қоңыр» сутегі – қоңыр көмір

«Сұр» сутегі – табиғи газ

«Көк» сутегі – метан газы

«Жасыл» сутегі – жаңартылатын энергия көздері 

Тоғыз жыл бұрын Парижде кездескен 197 мемлекет басшылары 2050 жылдан бастап көмір, мұнай мен газдан бас тартуға келіскен. Бұл келісім қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасалды. Қазақстан келісімде көзделген межелерге 2060 жылы қол жеткізеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте ол үшін жеткілікті әлеует барын айтты.

ЦИТАТА

«Біз Париж келісімін ратификациялаған аймақтағы бірінші елміз және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдадық. Қазақстанның жаңа Экология кодексі ұлттық экономикамыздың әрбір секторында «жасыл» технологияларды кеңінен қолдануға ықпал етеді. Елімізде жел мен күн энергиясын пайдалану, сондай-ақ «жасыл» сутегін өндіру үшін зор әлеует бар. Біз осы мүмкіндікті пайдалану мақсатында серіктестерімізбен арадағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз».

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақстанда «жасыл» сутегі өндірісін дамыту бойынша алғашқы қадамдар жасалды. Маңғыстауда жалпы қуаты 40 гигават болатын күн және жел станциялары тұрғызылмақ. Мұнда жылына 2 млн тоннаға дейін сутегі өндіріледі. Зауыт құрылысы 2027 жылы басталады. Жобаға неміс компаниясы 50 млрд доллар инвестиция салып отыр.

Сұлтан Ыбырай, сарапшы:

- Біздің еліміз үшін, біріншіден, үлкен инвестиция. 50 млрд доллар деген екінінің біріне келіп жатқан жоқ еліміздің дамуына. Ол тек қана экономикасына емес, біздің жалпы химия өнеркәсібіне, күн мен жел энергетикасының дамуына тікелей әсер етеді. Мысалы бізде қазір жылына, менің білуімше, 4 гигават баламалы көддерден энергия алынады. Мынау қарап отырсаңыз 40-қа дейін барады. Бірден біздің өндіріс 10 есеге өсті деп айтуға болады. 

Біз өндіретін жасал сутегі Еуропаға экспортталады. Зауыт Еуроодақ сұранысының 20 пайызға жуығын жаба алатынын Мемлекет басшысы Орталық Азия-Еуроодақ саммитінде айтқан еді. Бірақ тасымалдау да оңай емес. Ол үшін сутегіні аммиакка айналдырады. Қазір Үкімет осы мәселені қарастырып жатыр.

Жанайдар Тоқсаба, ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы:

- Жасыл сутегі өндірісі бүгінде қымбат жобалардың бірі болып саналады. Осыған орай бірінші кезекте сутегінің құн тізбегін арзандату бойынша ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру қажет. Сонымен қатар проблемалық мәселелердің бірі – ол сутегіні тасымалдау мен сақтау. Осы мәселелерді шешу мақсатында бүгінде әлемдік қауымдастықпен қатар, Қазақстанда да ғылыми-зерттеу орталықтары тиісті жұмыстарын жүргізуде.  

Бүгінде сутегіге сұраныс жоғары. 2021 жылы жаһан бойынша мұқтаждық 94 миллион тонна болса, алдағы бес жылда 130 миллион тоннаға жетеді деген болжам бар. Бұл тұрғыда Қазақстанның да үлесі қомақты болмақ. Себебі 2030 жылға қарай отандық энергетика саласындағы жаңартылатын энергия үлесі 4 жарым пайыздан 15 пайызға жетуге тиіс. 

Нұрқанат Қанапия, Ербол Дайыров, Мейрам Жүнісов