Жетіген ауылы қалаға айналды

Елде тағы бір жаңа қала пайда болды.

Президент қаулысымен Алматы облысындағы Жетіген ауылына қала мәртебесі беріліп, атауы Алатау деп өзгерді. Облыстық маңызы бар шаһарда қазір 25 мың адам тұрады. Бұған дейін ауылдық округтің құрамында болған Жаңа арна, Құйған және Еңбек ауылдары енді қала құрамына кіреді. Қазір Алатауда алты мектеп, 11 балабақша жұмыс істеп тұр. Бірақ, мәдениет үйі жоқ. Жаңа аурухана керек. Өйткені халық саны өсіп келеді. Жергілікті тұрғындар мал бағып, бау-бақшамен айналысады. Шағын және орта кәсіпкерлік дамыған. Теміржол бойында орналасқан шаһарда екі ірі индустриялды жоба іске асып жатыр. Болашақта Алатау қаласы іскерлік, өндірістік әрі  көлік-логистикалық салалары дамыған  арнайы экономикалық аймақтың орталығына айналуға тиіс.