Шахтинск зауытын жаңғырту қажет

Шахтинск қаласындағы тау-кен жабдықтарын өндіру зауытының қондырғылары әбден тозған, деп хабарлайды 24KZ.

Жұмыскерлер өндірісті жаңғыртып, зауыттағы жұмыс жағдайын жақсартуды сұрайды. Мәжіліс депуттарымен кездесуде кәсіпорын ұжымы осындай өзекті мәселелерді көтерді. Бірақ халық қалаулыларының пікірінше, мұндай проблема Шахтинскте ғана емес, Ақтоғай ауданы Сарышаған елді мекені мен Балқашта да бар. Бүгінгі таңда жаңғырту жоспарына сәйкес жауапты мекеме техникалық қызмет көрсетті. Модернизацияға бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Кездесу аясында «AMANAT» партиясының депутаттары кәсіпорын қызметкерлерін Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру барысымен таныстырды.