Аққулардың құс тұмауынан қырылуы қалыпты жағдай

Каспий теңізі мен Қаракөлге қыстауы тиіс аққулардың құс тұмауынан қырылуы қалыпты жағдай.

Алматылық орнитологтар осындай мәлімдеме жасады. Желтоқсан айынан бері Маңғыстау облысы аумағынан мыңнан астам құстың өлексесі табылды. Мамандардың пікірінше: «Сарқынды сулардың құйылуы көлдердің биохимиялық құрамына әсер етпейді. Құс тұмауы үйрек пен қаз сияқты үй құстарына жұғуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін вакцина салдыру қажет», - дейді мамандар. Жалпы соңғы айларда облыс аумағына 50 мыңдай аққу ұшып келген. Олардың екі пайызы тұмаудан қырылды деген қорытынды жасалды.

Виктория Ковшарь орнитолог, биология ғылымының докторы:

- Вирус әдетте құстардың белгілі бір түрлеріне таралады. 2015 жылы құс тұмауы бұйра бірқазанда табылды. Алайда бір жерде мекен ететін қызғылт бірқазанға әсер етпеді. Демек, Қаракөлде аққулардың өлімі ерекше жағдай емес. Негізінен жас құстардың өлгенін көріп отырмыз. Бұл табиғи процесс. Құс тұмауын жұқтырудың шегі өткеніне қарамастан аққулардың өлекселері әлі де табылуы мүмкін. Сол себепті дерттің үй құстарына жұқтырудың алдын алу маңызды.