Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды

«Қосымша құн салығының мөлшерін 12-ден 16%-ға дейін өсіру отандық өңдеу өнеркәсібінің табысы мен бәсекелестік қабілетін төмендетіп жібереді», - дейді мамандар.

Бүгін Мәжілісте жаңа Салық одексінің жобасы талқыланды. Ондағы толықтырулар мен өзгерістер 2025 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Қазақстан әлі импортқа тәуелді және қосымша құн салығының өсуі көптеген тауардың бағасына кері әсер етуі мүмкін. Елдегі 2 млн кәсіпкерлік субъектісінің 5%-ы ғана өндіріспен айналысады. Оларға қосымша жеңілдік қажет, дейді ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері.

Магеррам  Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз салықты жеңілдетуге қатысты депутаттық сауал жолдадық. Өйткені бизнес өкілдеріне ауыртпалық түсіп жатыр. Біз бірыңғай салық енгізіп, мөлшерін 3-5% қылуды ұсындық. Сонда ғана кәсіпкерлік саласына қолдау көрсете аламыз.