Қонаев қаласында әйеліне күш көрсететіндер азаймай тұр

Алматы облысында тұрмыстық зорлық - зомбылық фактілері азаймай тұр.

Жыл басынан бері Қонаев қаласының өзінде әйелдерге күш көрсету бойынша 27 әкімшлік іс қозғалған. Облыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін 4 дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда зардап шеккен 210 әйел оңалтудан өтті. Олармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істейді.

Майра көпбалалы ана. Жиырма жасында тұрмысқа шықты. Бақытты отбасын құрамын деп үміттенді. Құрсақ көтерді. Алайда күйеуімен дәм түзы жараспады. Оған сан түрлі себеп бар. Жиі қайталанатын ұрыс-керістен жанұя шырқы бұзылды. Жолдасы жиі ұрып-cоқты. Ақыры Қонаев қаласындағы әлеуметтік көмек көрсету орталығына келуге мәжбүр болды.

Майра, көп балалы ана:

«Кішкене кішігірім сөзге келіспеушілік болса , кішкене мінез көрсетіп мен ашулансам бірден қол көтереді. «Балалар үшін өз әкесі ғой деп тұрдым ғой. Балалар үшін».

Қазір орталықта тұрмыста теперіш көрген 13 ана уақытша тұрып жатыр. Балалары да осында тәрбиеленуге мәжбүр. Мұнда әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі. Бір жылда мекеме көмегіне 54 әйел жүгінген. Орталықта 6 айға дейін тұруға рұқсат етіледі.

Раушан Алпысбаева, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры:

«Бізде екі отбасы қайтадан оралды. Бізде 2 айдан астам болды да өзінің отбасына қайтып оралды. Бірақ 5 айдант кейін бізге қайтып келді. Сол қайталанған. Неге десеңіз екінші жақ, екінші тарап өзінің жауапкершілішгін әлі мойындамаған болып тұр ғой. Солай деп есептедік. Ол ішімдікті қоймаған. Сол баяғы қалпы жұмыссыз. Кімге күші келеді әйелге күші келеді».

Алматы облысында тұрмыстық зорлық фактілері азаймай тұр. Жыл басынан бері Қонаев қаласының өзінде әйелдерге күш көрсету бойынша 27 әкімшлік іс қозғалған. Тергеуші Мақпал Сейсен 200-ге жуық істі қарады. Соның 40 - қа жуығы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты.

Мақпал Сейсен, Қонаев қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі:

«Қазіргі уақытта қаржылық жағынан қиындау ғой. Сол себепті үйде ұрыс-керіс орын алады. Ұрыс-керіс барысында ерекектер ашуланып тез арада әйелдеріне қол көтереді. Жұмыссыз еркектер. Сонымен қатар азарттық ойын ойнайтын еркектер болады арасында. Солар осындай қылмыстардың үлкеюіне себепкер болуда».

Былтыр облыста тұрмыстық жанжал бойынша полиция қызметіне 210 шұғыл хабарлама түскен. 20 дан астам азамат қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылды. Ал шынайы жағдай бұдан да көп болуы мүмкін,- дейді мамандар.

А. Садуақас, А. Дүйсембаев