Бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің тиімділігі

Бірыңғай уақыт белдеуіне өту, әсіресе бала ағзасының дұрыс дамуына ерекше әсер етеді.

Өйткені «тез ұйқы» фазасы сақталады. Өскеменге уақыт өзгерісін түсіндіруге келген ғалымдар осындай ғылыми тұжырымдармен бөлісті. Жұмыс тобының өкілдері жұртшылыққа UTC+5 белдеуінің берерін бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Сарапшылардың пікірінше енгізілгелі отырған өзгерісті әлемнің 175 мемлекеті қолданып жүр. Шешімнің ең басты пайдасы - адамның қоршаған ортамен үндестігі реттеледі. Ал бұл бүкіл денсаулыққа оң әсерін тигізетін дүние.

Болат Нұрқожаев, уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобының мүшесі:

- Бірінші кезекте бала денсаулығы біз қазір айтамыз бала ашушаң, басқа деп, не себепті ашушаң өйткені біз балаларды оянбай тұрып, таң алдында, мәжбүрлеп оятып қинап сабаққа отырғызып қоямыз екінші мәселе айтып жатқан мына онкология аурулары дегенге осының үлесі аз емес.

Әмір Қуат, биотехнолог, ғалым:

- Қазақстан қателеспесем 67 процент аумағы өзінің уақыт белдеуінде орналаспаған өкінішке орай UTC 6 жасанды қолдан жасанды түрде 67 процент территорияға созылып кеткен.Сондықтан жасалып жатқан жұмыс - адамдарға жергілікті тұратын адамдарға табиғи уақыт белдеуін қайтарып беру.