Байқоңыр қаласында гемодиализ орталығы ашылды

Ем-шара бөлмелері соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Мұнда бір мезетте 10 адам ем қабылдай алады. Бұған дейін қала мен оның маңайындағы Төретам, Ақай ауылының тұрғындары 100 шақырымнан астам жол жүріп, Қазалы ауданындағы медициналық орталықтың қызметіне жүгінетін. Ал бүйрек жетіспеушілігне шалдыққан азаматтар мұндай ем түрін 4 сағат бойы, аптасына 3 рет қабылдауы керек. Бұл созылмалы дертке шалдыққандар үшін өзекті мәселе еді.

Жетес Әлмаханов, гемодиализ орталығының меңгерушісі:

- Бұл кісілердің әлі саны көбеюі мүмкін 10 адамнан да енді. Сондықтан келген кісілердің бәрін енді мүмкіндігінше қабылдауға тырысамыз, ешқайда қатынамайтын етіп.