Петропавлда «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

Мұнда 3 жасқа дейінгі балалар оңалту курстарынан өтеді.

Жоба құны – 300 млн. теңге. Емдеу корпусы мемлекет есебінен жөнделсе, ішіндегі құрал – жабдықтарын демеушілер тарту еткен. Бүлдіршіндермен невропатолог, реабилитолог, педиатр, эрготерапевт, психолог секілді білікті мамандар жұмыс істейді. Биыл дәрігерлер 360 балаға ем көрсетуді жоспарлап отыр. Орталықта сенсорлық, тұзды және тағы да басқа дамыту кабинеттері бар.

Жайнагүл Сүлейменова, қала тұрғыны:

- Біріншіден, біз өз мерзіміне жетпей туылдық. Ерте туылдық. 35 аптада. Сол бұған дейін біз балалар облыстық ауруханасына бардық. Сонда ем алдық. Физиокабинетіне бардық. Сол енді осы орталық ашылып жатқанына мен өзім өте қуаныштымын.