Ертіс орманы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ертіс орманы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау аясында «Ертіс Орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады.

Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сонымен қатар, Резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған – делінген ақпаратта.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.