Лай көшкінінен қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетіледі

Лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды 24KZ.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жерлеуді ұйымдастыруға көмек берілетінін айтты. Бүгін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 4 адамның денесі табылды. «Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Қайтыс болған адамдардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамын», - деді қала басшысы. Оған қоса осы отбасының үлкен ұлына материалдық қолдау көрсетіледі. Ол қазір шетелде білім алып жатыр. Келген соң осында тұруына жағдай жасалады.