Әлеуметтік саланың әуселесі

Әлеуметтік салаға бөлінген миллиардтарды жемқорлар талан-таражға салып жүрген көрінеді.

Әсіресе, білім мен денсаулық саласы бармақ басты, көз қысты әрекетке толы. Мұны мәжіліс комитетінің отырысында Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр әлеуметтік салада 311 жемқорлық фактісі тіркелген. Қылмыстың тең жартысы білім, 64-і денсаулық саласына қатысты. Барлығы 92 адам сотталған. 

Айта кетейік, былтыр осы бағытқа бюджеттен бөлінген қаржы 8 трлн теңгеден асты. Әрине, қазынадан бөлінген әр тиынның мақсатты жұмсалуын қадағалау қажет. Сол үшін цифрландыруды жеделдету жоспарланып жатыр.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Тәуекелдерді жою ұсыныстары енгізілді. Сол ұсынысты барлық министрлікпен бірлесіп, жетілдіруге мүмкіншілік болып, жұмыс атқарылуда. Әр салада цифрлық алгоритмді енгізуге тапсырма берліді. Сол себепті бірлесіп зерттеген мүмкіншіліктерді жалғастыруға жұмыстар басталуда.