Ғалым әйелдердің саны артып келеді

Ғылыммен айналысатын қыз-келіншектердің қатары артып келеді.

Әр үшінші ғылыми жобаның авторы - әйел. Бүгінде олардың саны 20 мыңнан асады. Солардың бірі - Юлия Сафарова. Ол әлемде жоқ инновациялық жобаны қолға алған. Сүйек тінінің регене-рациясын жеделдетуге көмектесетін, бірегей әдістің бүгінгі нәтижесі жаман емес.

Бұл зерттеу жұмысы 8 жыл бойы жүргізілген. Ұзақ болса да, нәтижесі оң.  Сүйек тінін қалыпқа келтіру зертханалық жануарлардың 60%-ында сәтті өтіпті. Медицина саласында бұл таптырмас жоба.

Юлия Сафарова, Назарбаев университеті зертханасының аға қызметкері:

- Сүйеік тінінің регенерациясы үшін имплантты жабуды жақсартуға арналған. Оны Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірігіп атқарудамыз. Мұндай әдіс болашақта сүйек сыныуының, сүйектерге титан жабындысы бар импланттар қоюдың әдістерін жеңілдетпек.

Ғылым саласына 10 жылдан астам уақыттан бері еңбегі сіңіп жүрген тағы бір нәзік жанды - Әсел Жексенбаева. Бүгінде жол жөндеуде таптырмас әдіс - суперасфальт технологиясын енгізген.

Әсел Жексенбаева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық даму департаментінің директоры:

- Мұндай әдіс асфальтты бетон қоспасының сапасын арттырып,  ұзақ мерзімге пайдалануға мүмкіндік беріді. Жолдарды жөндеу жұмыстарын азайтады. Технологияны әзірлеу, құрамын іріктеу үшін біз асфальт-бетон зауыттарымен, бизнес өкілдерімен кеңесудеміз. Бірігіп пилоттық үлгіде іске асырудамыз.

Әселдің тағы бір жобасы дыбыс өткізбейтін материалдарды әзірлеуге арналған. 2 жылдан бері іске асырлып келе жатқан жоба биыл аяқталмақ. Көпқабатты үйлерді салу барысында қолданылатын өнім дыбыс өткізбейтіндіктен көптеген ірі құрылыс компаниялары мен бизнес өкілдерінің сұранысына ие. Жалпы, мемлекет тарапынан талантты да талапты әйел мен қыздардың ғылым саласында дамуына жан-жақты жағдай жасалып келеді.

Бүгінде ғылымға бет бұрған нәзік жандылардың саны 20 мыңнан асады. Олардың 1242-сі 25 жасқа дейін болса, 25-тен 35 жасқа дейінгілері 5 мыңнан асып жығылады. Тіпті 65 жастан асқан ғалым әйелдер де жоқ емес. Олардың саны бүгінде 2000-ға жуықтаған. Ғылым қоры өкілдерінің айтуынша, нәзік жанды ғалымдардың көбіне өнеркәсіп саласындағы жетістіктері көп екен.

Әлия Сембаева, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Жобаларды коммерзацияландыру жетекшілерінің 3-тен бірі әйел адам екенін айта аламын. Оларда зерттеулер жүргізуге потенттері бар. Әсіресе, агро, тамақ өнеркәсібі және медицина, денсаулық сақтау салаларында көп. Сатылымы бойынша жақсы нәтижелер көрсетуде. Мәселен,тамақ өнеркәсібіне қатысты жобалар аясында 2 потент бар. Олар пробиотиктер және бірігей биологиялық құрамы бар сүт өнімінің сарысуын әзірлеумен байланысты.

Қор мамандарының айтуынша, шетелде оқып келіп жатқан ғылым саласындағылардың 85 пайызы нәзік жандылар. Олардың дені техникалық салаға көңіл бөлуде.

Авторлары: Айгүл Бекмырза, Бағдат Қайыркен