Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды

Қарағанды облысында телеграмм желісі арқылы елді дүрліктірген күдікті ұсталды.

Күні кеше ол әлеуметтік желіге қару-жарақтың суретін салып, білім нысандарының бірінде «қырып-жоямын» деген жазба қалдырған. Полицейлердің кешенді жұмысының арқасында 13 жастағы күдікті қолға түсті. Қазір оның телеграмм арнасы жойылды. Ал баланың ата-анасы енді сот алдында жауап береді. Сонымен қатар кешеден бері келтірілген шығындарды өтейтін болады. 

Сырбаз Батыров, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:

- Белгілі болғандай 13 жастағы азамат әлеуметтік желіден терроризм тақырыбында ақпарат көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің телеграмм арнасын құрған. Полиция қызметкерлерімен осы қылмысқа шетелде жүрген азаматтардың қатыстылығы тексерілуде.