Мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізгендер анықталды

Ақмола облысының Шортанды ауданында жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу процесін заңсыз жүргізбек болған.

Прокуратура қызметкерлерінің араласуымен 730 млн теңге сомасына конкурссыз, тікелей шарт жасасудың жолы кесілді. Нәтижесінде, сатып алудың күші жойылып, жыл сайынғы жоспарға ашық конкурс ұйымдастыру жөнінде өзгеріс енгізілді.