Астанада кітап оқуға баулитын челлендж басталды

«Менің сүйікті кітабым».

Астанада осындай атаумен еліміздің мектептері арасында жаңа челлендж басталды. Мақсаты оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Іс-шара онлайн форматта өтті. Оған әр өңірден қоғам қайраткерлері мен ұстаздар және оқушылар қатысып, бас қаладан жолданған эстафетаны қабылдады.

Жангелді Әмірғалиев, әдістемелік орталық басшысының орынбасары:

- Іс-шара ерекшелігі 2 форматта өткізілді. Бірінші бөлімінде RedX форматында жас көрермендердің кітап оқуға құштарлығын, қандай кітаптарды оқығанын, олардың ойымен бөліскенін көргенін болсақ, екінші бөлімде челлендж жолдау болды.