«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының аралық қорытындысын шығарды

Биыл елімізде 200 мың адам қаражатқа жауапкершілікпен қарап, табысты арттырудың әдіс-тәсілін үйренеді.

Бүгін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының аралық қорытындысын шығарды. Арнайы жобаға қатысқан 100-ден астам әйел Астанада бас қосып, қарыздан құтылып, отбасы табысын арттырудың тәжірибесімен бөлісті. Жиынға қатысқан Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, азаматтардың шамадан тыс несие алуы мәселесіне Президент бірнеше рет назар аударғанын атап өтті. Бұған қоса, мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған оқу құралдары әзірленетінін жеткізді. Бұл қадам 100 мыңға жуық студент пен 450 мың жоғары сынып оқушысының сауатын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жоба аясында 750 мың адам қамтылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Партия мұны атақ-даңқ үшін жасап отырған жоқ. Біз бұны бар жан-дүниемізбен сезінеміз. Отандастарымызға мүмкіндігінше қол ұшын созуға әрекет жасап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы да халыққа жолдауында осы жобаны кеңейтуді тапсырды. Біз Үкіметпен Ұлттық банкпен, құзырлы органдармен бірлесіп, қарызсыз қоғам жобасын жалпыхалықтық деңгейге шығарып жатырмыз.