Алматыда метро туннельдері тексеріледі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро туннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады, деп хабарлайды 24KZ.

Осы орайда  Алматы метрополитені Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен 3 сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды.