Қостанай облысында қылмыстық топ ₸3 млрд жымқырған

Қостанай облысында «BEEF EXPORT GROUP» компаниясының басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекет қаражатын жымқырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі департамент қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олардың мәтіметінше, қылмыстық схемаға 49 адам тартылған. Ет өңдеу кәсіпорнының директоры салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметкерге зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілініп отыр. «Қылмыстық топ «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасына субсидия ретінде бөлінген 3 млрд теңгені заңсыз иемденген», – дейді мамандар. Тергеу барысында күдіктілерден 107 млн теңге өтеліп, құны 3 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.