Аналар бар құрметке лайық

Таразда халықаралық әйелдер мерекесіне орай бірқатар нәзік жандыларға Президенттің құттықтау хаты табысталды.

Мерекелік жиынға өңірдің әлеуметтік-экономикалық  және қоғамдық-рухани дамуына айтулы үлес қосып жүрген аналар арнайы шақырылды. Бүгінде аймақтағы 1 миллион 222 мың тұрғынның жартысы әйелдер. Олар сан-салада жемісті еңбек етіп жүр. Мәселен облыста басшылық құрамдағы мемлекеттік қызметшілердің 19 процентін әйелдер құрайды. Ерлермен қатар ауыл шаруашылығында білек сыбана еңбек етіп жүргендердің бірі – Әсет Арықбаева. Ақ жаулықты ана 27 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысады. Ал 2018 жылдан бастап балық өсіру кәсібін ашқан. Шаруа қожалық басшысы ауылдастарын  жұмыспен қамтып, 3 тұрғынға баспана салып берді. 

Әсет Арықбаева, шаруа қожалығының басшысы:

- Әйел азаматтары мен ойлаймын ешқандай еңбектен қашпайды. Әйел адам ер адам деп қазір бөлінбейді. Бірдей жұмыс істейміз таңның атысы күннің батысы дегендей. Қызғалдақтарымызды қыздарды бүгінгі әйелдер күнімен құттықтаймын. Барлық әйелдерге денсаулық тілеймін. Денің сау болса тірліктің бәрі болады.